КЕЛЕСТЕ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ӨЗДЕРІ ОҚЫҒАН БІЛІМ ОШАҒЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

КЕЛЕСТЕ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ӨЗДЕРІ ОҚЫҒАН БІЛІМ ОШАҒЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Келес ауданында мектеп түлектері өздері білім алған мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нақтырақ айтсақ, аудан орталығы Абай ауылында орналасқан №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясының ауласына түлектер демеушілігімен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Келес ауданында орналасқан №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясында елімізге қызмет етіп жүрген белгілі азаматтар білім алған. Қазіргі таңда ең өзекті мәселенің бірі - балалардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай жасау.Сондықтан оқу ордасында жасалып жатқан қолдауға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіруде. Демеушілерге өз атымнан да жеке алғыс айтқым келеді. Ауданымыздың басқа түлектері де білім ордаларына осындай қолдау көрсете білуі керек» - дейді аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев.
Айта кетейік, биыл Келес ауданындағы 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан болса, жаңадан 3 мектептің құрылысы жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...