ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ СОЗАҚТЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ СОЗАҚТЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Созақ ауданына арнайы іс-сапармен келген Парламент Мәжілісі депутаты Қайнар Абасов бірқатар кездесу өткізді. Табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, индустриалды аймақта орналасқан "Дархан-АС" ӨК-де болды.
Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дулат Байзақов мердігер мекеме «StroyGazCompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшартқа сай жұмыстар атқарылып жатқандығын айтып, аудан үшін маңызды құрылысты аяқтауға қолбайлау болып тұрған мәселелерді шешуге ықпал етуді сұрады.
Орталық стадионда спортшылармен жаттықтырушы құрамымен кездесті. ҚР Парламент мәжілісінің депутатының алдында аудан спортындағы жетістіктермен қатар толғандыратын мәселелер сөз болды. Аудандардағы спорт мектептерінің облыстық бюджеттен қаржыландырылуы, жаттықтырушыларға тиісті деңгейде қолдау көрсетілмеуі, тәжірбиелі жақтырушылардың айлық ақыларының аздығынан жалпы орта мектептерге ауысу жағдайлары жиілеуі, осыған байланысты педогогтар мен жаттырушылардың дәрежесін теңестіру қажеттігі туралы айтылды. Сондай-ақ басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.
Іссапар барысында Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Қайнар Бегалыұлы Созақ ауданындағы индустриалды аймақта орналасқан "Дархан-АС" ӨК жұмысымен танысып, жұмысшыларымен кездесу өткізді. Мемлекеттік бағдарламаларда болып жатқан соңғы жаңалықтар мен ақпараттарды тарқатып түсіндірді. Жартытөбе ауыл округінде «Бабата-1» шаруа қожалығында болып, онда шаруа қожалық иелерімен кездесті. Қазіргі таңда субсидия мен несие алу, жерді жалға алу тағы да басқа мәселелер туралы сөз болды. Парламент мәжілісінің депутатына кәсіпорын басшылары мен шаруа қожалық иелері сауалдарын қойып, айтылған ұсыныстар назарға алынғанын, тиісті министрлікке жеткізетінін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 857,9 мың отбасы...

Премьер-министр Олжас Бектенов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...