МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ ТИІМДІ БАҒАДА

МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ ТИІМДІ БАҒАДА

Облыс орталығында мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтті.
Шараға Түркістан және Шымкент қаласынан 20-ға жуық кәсіпкерлер қатысты.
Жәрмеңкеде отандық өндірушілердің тауарлары басым болды. Атап айтар болсақ, жергілікті тігін кәсіпорындары “Turkistan textile” және жеке кәсіпкер “Әбдірахманов”-та өз тауарларын төмен бағада ұсынды.
Жәрмеңкеде барлық баға нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен. Мектеп формаларының бағасы нарық бағасынан анағұрлым төмен. Жейделер 2000-3000 теңгеден, ұл балаларға арналған костюм-шалбар 12 000 теңгеден басталады.Таңдау - бар, тауар құны - арзан, сапасы да сай.
“Тігіп жатқан формаларымызда барлық жас пен өлшемді қамтып отырмыз. Біздің өнімдеріміздің сапасын көрген көрші облыстағы ата-аналар да тапсырыс беріп тіктіріп жатыр”-дейді жеке кәсіпкер Саржанова Халипа.
Тауар құны әдеттегіден төмен болғандықтан, жәрмеңкеге өзге өңірлерден келгендер де бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...