ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҚҰРМЕТТЕЛДІ
Бәйдібек ауданында көпбалалы 29 анаға құрмет көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков алтын құрсақты аналарды қабылдап, құттықтау лебізін білдіріп, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес бөлінген «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті.
Ел демографиясына үлес қосып отырған ақ жаулықты 29 ана бүгін осы марапатқа ие болды. Оның 9-ы – «Алтын алқа», 20-ы – «Күміс алқа» иегері. Бәйдібек ауданында 500-ден аса «Алтын алқа» иегері және 1300-ден аса «Күміс алқа» иеленген аналар тұрады. Сонымен қатар 165 «Батыр ана» мен 200-ден аса І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар бар. 18 жасқа дейінгі 4 және оданда көп баласы бар аналар саны – 2948.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...