ОТЫРАРЛЫҚ ЖАСТАР «ТАЗА АУДАН» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

ОТЫРАРЛЫҚ ЖАСТАР «ТАЗА АУДАН» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан жастарының ұйымдастыруымен «Таза аудан» атты экоакциясы өтті. Ауданның бір топ студенттері мен «Жасыл ел» бағдарламасының еңбек жасақтары қатысқан шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ж.Сейтжанов құттықтау сөз сөйлеп, жалынды жастардың игі істеріне сәттілік тіледі.
Аудан орталығында орналасқан «Шәміл-Дүр» жастар саябағында өткен акцияға білек сыбана іске кіріскен белсенді жастар темір қоршауларды сырлап, талдарды әктеп, арық-атыздарды қоқыстан тазартты.
Ауданымыздың көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет.
Қаймағы бұзылмас ынтымақ пен бірліктің ерен үлгісін көрсеткен экологиялық акцияға қатысушы жастар, шара соңында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырып, жеңімпаздар марапатталды. Естелікке суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде, деп...