Бүгін «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалы ұйымдастыруымен, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының, "Байтұрсынов" және "*Қонаев" бастауыш партия ұйымдарының демеушілігімен филиалдың мәжіліс залында аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға көмек беру мақсатында "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында «Баланы мектепке даярлайық» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету.
Шараға демеушілік жасаған Түркістан облыстық мәслихат депутаты Жантөреева Қалыйма Жантөреқызы, қалалық мәслихат депуттары Балабиев Талғат Рахымұлы, Елеусізов Қабылан Жамалбекұлы, Мұсаханова Ұлбала Ермаханқызы, Аяпбергенова Роза Мұратқызы, Гайруллаев Мақсұт Мырзакәрімұлы, БПҰ төрағалары Гүлжан Қадырова, Әділбек Қайырбеков және филиал қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында депутаттар тарапынан 60- оқушыны оқу құралдары салынған сөмкелермен қамтыды. Оның ішінде облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреқызының өзі 30 балаға қуаныш сыйлады.