САУРАН АУДАНЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

САУРАН АУДАНЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекенінде «Мектепке жол» республикалық акциясы аясындағы қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін іс -шараға он екі ауылдық округтің 200-ге жуық мектеп оқушылары шақырылды.
"Балалар жылы" аясында өтіп жатқан жәрмеңкеге мектеп формаларын өндіретін, сататын облыс көлеміндегі жеке кәсіпкерлеріміздің өнімдері ұсынылды және "Мега планета" сауда орталығы қатысы. Жәрмеңке тауарларын нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан бағада мектеп формаларын балаларымызға жүрегі кең кәсіпкерлер алып берді .
Сонымен қатар аудан әкімі Рысбеков Ғани Құрмашұлыда аталып өткен іс-шараға арнайы келіп, балалардың қуанышымен бөлісіп, жаңа оқу жылына сәттілік тілеп қайтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...