САУРАН АУДАНЫ БОЙЫНША ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ.

САУРАН АУДАНЫ БОЙЫНША ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ.

Ағымдағы жылдың 19 (он тоғызыншы) тамыз күні «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» тақырыбына арналған Қазақстанның оңтүстік облыстарының өңірлік форумы онлайн ZOOM форматында жиналыс болып өтті. Жиналыс пен қатар аудандағы кәсіпкер әйелдердің басын құрап, іскер әйелдер кеңесі құрылды және төрайымы бір ауыздан сайланды.
Күн тәртібінде аудандағы іскер әйелдер кеңесін құру және төрайымын сайлау белгіленді. Мәжілісте аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы Садибаев Серік Өмірханұлы төрағалық етті хатшысы А.Канетова қатысты. Одан бөлек, Жиналысқа Түркістан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы А.Бейсебекова, Түркістан қаласының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Салыбекова және тиісті мемлекеттік мекеме басшылары мен ауданға қарасты 12 ауылдық округтен 11 іскер кәсіпкер әйелдер қатысты. Жиналыс барысында Сауран аудандық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымына үміткер ретінде Шаға ауылдық округінің тұрғыны іскер әйел кәсіпкер Нурсеитова Галина Джусипбековна ұсынылды және бір ауыздан дауыс берілді. Орынбасары ретінде Шорнақ ауылдық округінің тұрғыны, аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, іскер кәсіпкер әйел Раметова Барно ханымды сайлады.
Кеңестің мақсаты: Ауданымыздағы және ауылдық округтердегі кәсіпкер әйелдердің белсенділігін арттыру мақсатында бір одаққа біріктіру, әйелдер кәсіпкерлерді, қыз-келіншектерді мүмкіндігінше кәсіпкерлікке тарту, оларға толықтай қолдау көрсету және дамыту. Әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын ашу, оның ішінде өзін өзі жұмыспен қамту жағдайында да жұмыс орнымен қамтамасыз ету. Сонымен бірге, гендерлік құқықты сақтап, бизнесте ер азаматтармен тең жұмыс істеу болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...