АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БІЛІМ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БІЛІМ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Уласбек Садибеков кезекті аппараттық мәжіліске төрағалық етті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. 2022-2023 жыл жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары және аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарының барысы қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Қайрат Арап жаңа оқу жылына дайындық барысы мен білім саласында тұрған тұрған өзекті мәселелерге тоқталды. Олардың ішінде жылу маусымына дайындық, білім беру ұйымдары желісіндегі өзгерістер, Тамыз конференциясы, құрылысы жүргізіліп жатқан нысандар, мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары, жылу қазандықтарының жағдайы, балаларды тасымалдау қызметі, оқулықпен қамту мәселелерін баяндады.
Келесі кезекте аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев аудандағы тазалық жұмыстарына тоқталды.
Аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев әлеуметтік желілерде тұрғындар тазалық мәселесін жиі көтергенімен, бүгінгі күнге дейін ешқандай нәтиже шықпай отырғанын сынға алды.
Аудан басшысы күн тәртібіне енгізілген жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары және «10 мың адамға 100 жұмыс орнын ашу» бағдарламасының орындалуы туралы мәселесі күрделі тақырып екенін атап өтті.
Осы мәселені алдағы уақытта жан-жақты зерделеп, анықтама дайындала отырып, арнайы мәжілісте қаралатынын ескертті.
Күн тәртібіндегі мәселелер бақылауға алынып, аталған салалардағы өзекті мәселелер бойынша нақты жұмыстардың атқарылуы тиіс екендігі тапсырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...