ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТА "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ - ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ" АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТА "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ - ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ" АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жергілікті тұрғындар балаларын мектепке дайындау үшін жыл сайын ауданда өтетін жәрмеңке немесе ашық сауда орындарына келіп, тиімді бағамен мектеп формасы мен оқу-құралдарын сатып алады.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев биылғы жылды "Балалар жылы" деп жариялады.
Осы орайда, мемлекет тарапынан балалардың құқығын қорғау, білім мен денсаулығын жақсарту, яғни болашағы үшін барынша қолдау көрсетіліп, көмектер беріліп келеді.
Орталық саябақта «Мектепке жол—шекарасыз жақсылық» акциясы аясында жәрмеңке өтті.
Ауданға қарасты елді мекен тұрғындарына мектепке қажетті киім-кешектер мен кеңсе тауарлары акциялық бағада ұсынылды.
Жәрмеңкеге кәсіпкер азаматтар отандық тауарларын шығарды. Атап айтқанда, "Алатау", "Гаухар" және "Алтын адам" тігін фабрикалары өз өнімдерін және басқа да сатушылар жәрмеңкеде өз тауарларын шығарып қатысты.
Балаларға арналған бір жинақ киім 12500 теңге бағадан басталған. Бұдан бөлек, қаламсап 40 теңге, өшіргіш 80 теңге, қайшы 200 теңге, түрлі-түсті қарындаштар 500 теңге, 48 беттік дәптер 180 теңге болса, ал 36 беттігі 150 теңге бағада сатылды. Жалпы алғанда, мектеп формасынан бөлек, тұтынушылар үшін базар, сауда орындарындағы бағаларға қарағанда, 10-15 пайыз арзан бағада сатып алуға мүмкіндік болды.
Жалпы ауданда көмекке мұқтаж 5161 оқушы тіркелген. Оларға жалпыға міндетті білім қорынан көмек көрсетілсе, аталған акцияда мектеп формасымен 1014 оқушы қамтамасыз етілді.
Жәрмеңкені аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев ашып, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірге ата-аналар мен балаларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, табыс тіледі.
Аудан оқушылары аталған кәсіпорындардың шығарған мектеп формаларын сахнада көрсетті.
Жәрмеңке соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...