ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Осындай құрметті де, мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екені белгілі.
Құрылысшының жұмысы ғасырлар бойы сақталатын мұра. Өңірде заманауи үлгідегі нысандар ерекше көрік беріп қана қоймай, өркениетті дамытумен қатар, туризмді жетілдіреді.
Бүгін «Құрылысшылар күні» мерекесіне орай, аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев құрылыс саласында еңбек ететін бірқатар сала мамандарын қабылдап, атаулы мерекемен құттықтады.
Өз сөзінде: «Құрылысшылар күнін жыл сайын дәстүрлі мереке ретінде атап өтеміз. Құрылыс индустриясы – экономиканың негізгі іргетасы. Кез келген елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Мемлекет басшысының қолдауымен тәуелсіздік жылдары елімізде құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалуда. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайып, құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындары ашылып, өнімдерін шығаруда. Құрылысшы – өте жауапты мамандық. Құрылысшылардың еңбегі мен кәсіпқойлығының арқасында жаңа ғимараттар, мектептер, ауруханалар, жолдар салынып жатыр. Қысқасы, бірнеше құрылыс нысандары бой көтеріп, инженерлік, инфрақұрылым, сондай-ақ әлеуметтік саладағы ғимараттардың құрылысы жүргізіліп, халықтың игілігіне берілуде. Олай болса, жергілікті жердің көркеюіне өзіндік үлестеріңізді қоса беретіндеріңізге сенемін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін! Игі жұмыстарыңыз жемісті болсын! Алдағы уақытта барлық бастамаларыңыз сәтті болғай!».
Кездесу соңында бірқатар құрылысшылардың еңбектерін айтып өтіп, аудан әкімі атынан «Ремстрой» ЖШС-нің директоры С.Кушербеков, «Сервисцентр - 2007» ЖШС-нің директоры Б.Жандабаев және «АША-А» ЖШС-нің директоры Т.Мадиевтерге алғыс хаттар табысталды.
Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың хатшысы атынан «Отар Құрылыс», «Raiymbek & Company», «ДостықСпецТранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директорлары марапатқа ие болды.
Сонан соң, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бірнеше құрылыс саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, марапаттауды жалғастырды.
Тиісті басшыларға құрылысшылар ризашылықтарын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...