ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Қай елдің болмасын басты байлығы оның халқы, соның ішінде жастары болып табылады. Жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Бүгін 12 тамыз – Халықаралық Жастар күніне орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараны аудан әкімі Мұхит Отаршиев құттықтау сөзімен ашып, ауданның қоғамдық-саяси шараларына атсалысып жүрген белсенді жастарды алғыс хатпен және сый-сияпатпен марапаттады.
-Баршаңызды бүгінгі 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта да білім мен біліктіліктеріңізді тәуелсіз еліміздің өркендеуіне арнап, жастар саясатын дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына үлес қоса беретіндеріңізге сенемін. Тәуелсіз еліміздің кемел келешегін нығайтуға жастардың рөлі ерекше. Біз, Сіздерге үлкен үміт пен сенім артамыз!-деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.
Сонымен қатар, мерекелік іс-шара барысында аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Отаров құттықтау сөз алып, аудан жастарына ыстық лебізін білдірді.
Жиын барысында, жастар аудан әкіміне өз ризашылықтарын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...