КЕЛЕС АУДАНЫНДА МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Келес ауданында алғашқы қоңырау қарсаңында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Келес ауданының әкімдігінің ұйысдастыруымен, кәсіпкерлердің қолдауымен мектеп жәрмеңкесі өтті.
Аудан орталығында өткен жәрмеңкеде мектеп формалары мен аяқ киім, сондай-ақ, канцеляриялық тауарлар саудалануда. Жәрмеңкеге Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев және аудандық адами әлеуметті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев арнайы қатысып, шара барысын көзден кешірді.
«Бүгінгі жәрмеңкеге аудан тұрғындары белсенді қатысуда. Жәрмеңкеде сатылатын оқушы киімінің сапасының жоғары болуына баса мән беріліп отыр. Мұндай жәрмеңке облыс көлемінде ұйымдастырылып, солардың қатарында Келес ауданында бүгінге белгіленіп, өткізілуде. Шараға қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлерге алғысымды білдіріемін» - дейді Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев.
Айта кетейік, жаңа оқу жылына әлеуметтік осал топтағы отбасы балаларын мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1,9 млрд теңге қаржы бөлінген. Қаржы 52 мыңнан астам баланың ата-аналарының есепшоттарына аударылуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...