ҚАЗЫҒҰРТ: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

ҚАЗЫҒҰРТ: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

Аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарға жеке өтініштері бойынша кезекті қабылдауын өткізіп, олардың мәселелерін тыңдады. Қабылдауда аудан азаматтары су тасқынынан зардап шеккен, қаржылай көмек сұраса, бір қатары тұрғын үй, әлеуметтік көмек, көше жарығы, Үсіпәлі каналын механикалық тазалау, пай үлесіне берілген жер, зағиып жандардың меркелік іс шарасына көмек сұрау туралы сауалдарымен жүгінді. Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Әрбір тұрғынның өтініші аяқсыз қалмай, бақылауда болатынын айтты. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек сұраған ауыл тұрғындарына мүмкіндігінше көмек жасалатынын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...