БӘЙДІБЕК: АРДАГЕРЛЕРМЕН АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: АРДАГЕРЛЕРМЕН АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру, қоғамдағы тыныштық, бірлік, тұрақтылық, халықты ынтымаққа шақыруда ауданымыздағы ардагерлер кеңесі мен билер алқасының атқарған жұмыстарымен танысу, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында арнайы басқосу жиыны өтті. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай, аудандық билер алқасының төрағасы Сағынбай Жұманов және барлық ауылдық округтерден ардагерлер кеңесі мен билер алқасының төрағалары қатысты.
Отырыста бірнеше келелі мәселелерге байланысты сұрақтар қойылып, ой бөлісіп, пікір алмасты. Атап айтсақ, білім беру сапасы, мәдениет, ауыз су, жол, газ, электр жарығы жөнінде мәселелер көтерілді. Ашық әңгіме барысында ардагерлер тарапынан Серікбай Тұржан, Темірхан Өмішов, Әбдірахым Атағұлұлы, Өмірзақ Рысбеков, Шаймахан Шайырбеков, Әбдіхалық Ағабеков, Шырынхан Әбдіқалықов көкейдегі сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Барлық сұрақтар бойынша аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан мен аудан әкімінің орынбасары Б.Тұрлыбеков және тиісті бөлім, мекеме басшылары жауап берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері қаралды. Көлік...

Премьер-министр өңір әкімдеріне инфляция деңгейін ескере отырып, бір балаға қазіргі 500 теңгеден тамақтану құнын арттыру бойынша қаражат бөлуді...