Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен онлайн режимде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі, Бәйдібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясы, Түркістан облысы АШБ «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Бәйдібек аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімі, аудан әкімдігіне қарасты экономика және қаржы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің жауапты қызметкерлері қатысты.
Бәйдібек ауданы әкімдігінің facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде өткізілген жәрмеңке барысында азаматтар мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша кеңестер мен қойылған сұрақтарға жауаптар алды.
Іс-шара соңында Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы Сейсенғали Арыстанбаев мемлекеттік қызметтерді электрондық формата көрсетуді насихаттау бойынша және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын басқа да бөлімдер мен мекемелерді қатыстра отырып, онлайн форматтағы жәрмеңкенің алдағы уақытта да өткізілетіндігін хабарлады.