АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТТІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТТІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасы өзінің нәтижелілігін көрсетуде. Абай ауданында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 5,1 есеге артқан.
Ауданды өткен жылы 7 үйдің ауласы абаттандырылған болса, биыл 32 жобаға қаржы бөлінді. 1-кезеңде 5 үйдің ауласы, 27 елдімекен жоспарға енген, ал 2-кезеңде 5 үйдің ауласы абаттанады. Бұл жұмыстарды тұрғындар дауыс беру арқылы таңдаған болатын.
Жоба аясында аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, пандустар қою, арықтар салу және жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, ойын және жаттығу алаңдарын құру, онда жабдықтар орнату секілді жұмыстар жасалады.
Айта өтсек, жоба аясында аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, пандустар қою, арықтар салу және жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, ойын және жаттығу алаңдарын құру, онда жабдықтар орнату секілді жұмыстар жасалады.
Азаматтарға қолайлы орта құру шеңберінде тұрғындардың талап-тілегі міндетті түрде ескеріледі.
Бұл бағытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдағы ашықтық пен жариялылықты жетілдіре түсетін тағы бір реформасы – «Халық қатысатын бюджет» жобасының маңызы орасан.
Биылғы алғашқы жартыжылдықта халық қатысатын ашық бюджет жобасы аясында шағын аудандар мен тұрғын алаптарда 66 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылды. Белгіленген жұмыстарды іске асыру барысында тұрғындардың талап-тілегі ескеріліп, балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларының жобалары, жасыл желекті күтіп-ұстау мәселелері келісілді.
Тұрғындардың талап-тілегі көшелерге бейнебақылау камераларын орнату ісінде де ескеріледі. Қазіргі кезде қала көшелеріне 2479 камера орнатылған болса, биыл олардың санын қосымша 3740 бірлікке ұлғайту жоспарланған. Тұрғындардың өтініштері бойынша 1500 бейнабақылау камералары көпқабатты тұрғын үй аулалары мен қоғамдық орындарға қойылатын болады. Көлік қозғалысы аса бақылауды қажет ететін жол учаскелеріне 2240 дана бейнебақылау құрылғылары орнатылады. деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...