Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Асар-2 елдімекенінде ауыз су (2-кезек) құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz. Биыл 10 маусымнан басталған құрылыс жұмысының бүгінде 40 пайыздан астамы аяқталды. Яғни, жоспарланған 54,2 шақырымдық су құбырының 21,5 шақырымы тартылды. Құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде Асар-2 елді мекеніндегі 1000 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылады. Ал, сапалы электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы биыл басталып, 2023 жылы аяқталады.
Сонымен қатар, шағын аудандағы Нұрлы жол және №4 көше жарықтандырылады. Айта кетейік, 2021 жылдың қорытындысы бойынша,барлығы 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталған. Нәтижесінде Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас елді мекенінде ауыз су мәселесі түбегейлі шешілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өскен.
Сонымен қатар, 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Аталған басқармалардың дерегінше, қазіргі таңда қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су кестемен беріледі. 2022 жылы 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі деп күтілуде. (фото: Құрсай елдімекенін ауыз сумен қамту құрылысы кезінде түсірілген).
Сондай-ақ, Сайрам елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады. Ал, Асар 2-нің жаңақұрылысының сумен қамтылуы келер жылға өтпелі. Алдағы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа берледі. Осы айтылған жұмыстар уақытында орындалар болса, 2023 жылы миллионды қаланың ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.