ЖҰМЫСТЫҢ ҚАРҚЫНЫ МЕН САПАСЫ — ОҢ НӘТИЖЕ КЕПІЛІ

ЖҰМЫСТЫҢ ҚАРҚЫНЫ МЕН САПАСЫ — ОҢ НӘТИЖЕ КЕПІЛІ

Шымкент қаласындағы Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелері қиылысындағы жолайрықтың құрылысы қарқын алған. Үш деңгейлі жолайрық 2022-2023 жылдар аралығында, көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Нәтижесінде аталған көшелердің көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артады.
Бүгін қала басшысы жалпы жұмыс барысын тексеріп, кезеңдік жұмыстардың аяқталу мерзімдерін мердігермен пысықтап, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жолайрықтың техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр көше аралығы құрылыс аумағына енген. Жоба бойынша ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселмек. Қазіргі уақытта аталмыш құрылыс нысанында Арғынбеков көшесі бойымен тіреу қабырғаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал Бәйдібек би даңғылында көпір өткелі конструкциялары орнатылуда. Естеріңізге сала кетейік, жолайрықтың Бәйдібек би бойындағы көлік қозғалысы 6 шілде күні жабылған.
Арғынбеков көшесіне альтернативті магистралдар ретінде Рысқұлов және Төлеметов көшелері белгіленген. Бәйдібек би даңғылына альтернативті көше ретінде Бәйтереков, Шаяхметов және Өтегенов көшелері қолданыста.
Қала басшысы жалпы жұмыс барысын тексеріп, кезеңдік жұмыстардың аяқталу мерзімдерін мердігермен пысықтап, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Соынмен қатар, қала әкімі М.Әйтенов өткен аптада Тұран шағын ауданы тұрғындарымен кездесіп өзекті мәселелер мен арыз-шағымдар бойынша арнайы топ құрып, зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын.
Анықталған кемшіліктер хаттамаға түсіріліп, бекітілді. Енді жұмысын сапасыз орындаған және кемшіліктерді қалпына келтірмеген мердігерлерге айыппұл салынатын болады. Хаттамалық тапсырмалар қала әкімінің тікелей бақылауында болмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...