БИЫЛ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 60 % - ҒА ЖЕТПЕК

БИЫЛ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 60 % - ҒА ЖЕТПЕК

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының 54 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған. Биыл бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу, яғни қосымша 65 мыңға жуық тұрғынды қамту жоспарланған. Бұл мақсатта 20 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жыл соңына дейін ;
Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік шығыс, Хлопзавод-Шолохов, Жұлдыз елдімекендері кәріз жүйесіне қосылады.
Ал, Асар-2, Тассай, Тұран ішкі жүйелер, Достық, Қайтпас-2, Солтүстік-Батыс шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады.
Сонымен бірге, Достық КНС (қайта құру), Арғынбеков коллектор, Тұран ішкі магистрал, Бозарық 74 га аумақтағы құрылыс жұмысы аяқталады.
Ал, Нұртас, Тараз ш.а., Айша бибі көшесі, 112 орам құрылысы осы жылы басталмақ.
Қаламыздың даму жоспарына сәйкес, 2022-2025 жылдары кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу жоспарға қойылған.
Өткен жылы 8 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Биыл 10 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде.
Шағынауданда осы жылы 13 көше орташа жөндеуден өтпек. Атап айтқанда Жағатай көшесінің жалғасы, Оразбай ата, Бетеге жалғасы, Жағатай көшесінің жалғасындағы атауы жоқ көше, №12 көше, Сарбаз көшелеріне асфальт төселеді.
Жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары қаланың орталық көшелері ғана емес, ауданның ішкі орамдық көшелері де қамтылады. Бүгінде жоспарланған 308 көшенің 145 көшесі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, бүгінге дейін Ақжайықта 8 көше жарықтандырылған. Биыл Балқарағай, Асфендияров көшесі жарықтанса, 2023 жылы Байсбаев пен Қарасай, 2024 жылы Спанов пен Уали ата көшелеріне кешкі шам орнатылады.
Қала тұрғындарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында қазір 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. 3 магистралды кәріз коллекторының және 10 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Олар: Самал - 1,2,3, Достық, Асар-2, Тассай, Мирас, Шапағат, Ұлағат, Наурыз және Солтүстік-Шығыс шағынаудандары.
Бұл жылы 3 шағынауданның және 1 магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, Самал-1, Солтүстік Шығыс және Наурыз шағынаудандарының 18 мың тұрғыны кәріз жүйесіне қосылатын болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...