Ағымдағы жылдың тамыз айының 05-19 күндері аралығында Түркияда V ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ОЙЫНДАРЫ басталды.
Дүбірлі додада 56 елден 4200 спортшы бақ сынауда. Қазақстан намысын 125 спортшы спорттың 16 түрінен қорғауда.
Шымкенттік ЕЛЕНА ШАЛЫГИНА спортшымыз 65 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, күні кеше Арли Чонтей (Шымкент қаласының өкілі) ауыр атлетикадан 55 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Түркияның Конья қаласында V Ислам ынтымақтастығы ойындары тартысқа толы өтуде. Дүбірлі додада 56 елден 4 мыңнан астам спортшы бақ сынап жатыр. Қазақстан атынан спорттың 16 түрінен 125 спортшы барған болатын.
Жүзу спортынан Қазақстан құрамасының үздіктерінің бірі –түркістандық Аделаида Пчелинцева жарқын жетістігімен ел мерейін үстем етуде. Ол алдымен жекелей сында алтын медаль еншілесе, одан кейін 100 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс жүлдеге ие болды. Жерлесіміз одан кейін командалық эстафеталық жүзуден бір күміс және қола жүлдені олжалады. Ол, 4х100 метрге еркін жүзуде қолаға қол жеткізсе, 4х100 метрге аралас эстафетада күміспен күптелді. Осылайша, талантты спортшы бесінші рет ұйымдастырылған Ислам ынтымақтастығы ойындарынан жалпы 4 медаль жеңіп алды.
Ислам елдерінің ең талантты спортшылары бас қосқан дүбірлі додада суға жүзуден Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен түркістандық Аделаида Пчелинцева өзінің жарқын жетістігімен ел мерейін үстем етті. Аделаида эстафеталық жүзуден қола және күміс алқаны олжалады. Талантты спортшы қыздың қоржынында 50 метрлік брасс әдісінде алтын медаль бар болса, 100 метрлік қашықтықта аралас эстафетада күміс алқаны иеленді. Қазақстандықтарға төрт бірдей жүлде сыйлаған түркістандық дарынды қыз туған елге оралған соң көпшілікпен қуанышын бөлісті.
Жеңімпаз спортшыны қабылдап, оған құрмет көрсеткен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жеңісімен құттықтады. Басқосуда басқарма басшысы жаттықтырушыларымен бірге алда өтетін лицензиялық турнирлерге жоғары деңгейде дайындық жұмыстарын жүргізу қажеттігін тапсырды. 2024 жылдың еншісінде өтетін кезекті Париж олимпиадасында жас Аделаиданың төртжылдықтың басты додасына қатысуға күш-жігері жететінін жеткізді.
Құттықтаймыз!