ҚАЙТПАС-1 ЖӘНЕ ҚҰРСАЙ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

ҚАЙТПАС-1 ЖӘНЕ ҚҰРСАЙ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

Шалғай орналасқан елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі қала әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Қайтпас- 1 және Құрсай да оптикалық желі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Құрсай шағын ауданы 100% оптика желісімен қамтылып, тұрғындар сапалы интернетті қолдануда.
Қайтпас-1де Академиялық, Ғалымдар, Жаскент, Ақ қайнар көшелеріне оптика желісі тартылды. Көркем және Али Түзелбаев, Астық көшелеріне магистралды желі кабельдері тартылды. Сонымен қатар, серверлік үй жайда порттарға қосу жұмыстары атқарылып, Wi-fi роутерлардың конфигурациялары жазылды.
Қыркүйек айына дейін жалпы 80 көше толық оптика желімен қамтылып, аталған елдімекен тұрғындары сапалы интернетке қосылуға мүмкіндік алады.
Шымкент қаласындағы шалғай орналасқан елдімекен тұрғындарын сапалы интернетке қосу мақсатында инвесторлар тартылды.
Соның бірі Қаратау ауданына қарасты 4 мыңнан астам үйі бар Ақжайық шағынауданын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту үшін қалалық цифрландыру басқармасының тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылып, жеке инвесторлармен келісімдер жүргізген болатын.
Бүгінгі күні, «i-LinkNet» ЖШС мекемесі шағынауданға талшықты оптика желісін толық жүргізді. Төрт мыңға жуық үйге 400 шақырымдық абоненттік кабель тартты. Ондағы өтініш қалдырған 400-ден астам отбасы жоғарғы жылдамдықты сапалы интернетке қол жеткізді.
Сонымен қатар, мердігер компания Достық шағынауданына да талшықты оптика желісін тартты. 2500-ге жуық үйге талшықты оптика желісі және 200 шақырымды қамтитын абоненттік кабель жүргізілді.
Бұдан өзге, алдағы уақытта Асар, Самал-3 және Нұртас шағынаудандары талшықты оптика желісімен қамтылатын болады.
Оның айтуынша, «Digital Elements» ЖШС тарапынан қала аумағындағы Нұртас, Тассай, Таскен, Пахтакор шағын аудандарындағы 4 көшеге, яғни 400 үйге кабел жүргізіліп, бүгінде интернетке қосылған. Ал, «I-LinkNet» ЖШС тарапынан Ақжайық шағын ауданына талшықты оптика желісі толық жүргізіліп, 4000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі тартылған. Оның ішінде 250 ден астам үй өтініш беру арқылы жоғарғы жылдамдықты сапалы интернетке қосылыпты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...