ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУДА

ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУДА

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тұранда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің сапасына қатысты қала басшысы М Әйтеновтің тапсырмасымен құрылған арнайы топ 151 пәтерде кемшіліктер анықтаған болатын.
Бүгін қала әкімі тұрандықтармен кездесіп, тапсырмалардың орындалу барысын көрді. Оң нәтижелерге тұрғындар ризашылығын білдірді.
-Мәселелер шешімін табуда. Сабырлы болыңыздар. Инфрақұрылым және абаттандыру жұмыстары өз кезегімен жүргізіледі,-деп нақтылап өтті.
Кездесуден кейін әкім инфрақұрылым, көгалдандыру, абаттандыру, жылыту қазандықтарын тексерді.
Қазіргі таңда Тұран шағын ауданында 2020 жылдан бері 5576 пәтерлі 88 көпқабатты үйдің құрылысы жүруде.
Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға даяр кәсіпкерлер өз жобаларын ұсынды. Солардың бірі - «KAZAKHSTAN LOGISTICS GROUP» ЖШС. Бозарық шағын ауданында орналасқан қоймада екі кезең бойынша жұмыстар жүргізілуде. 1-кезеңде 40 мың тонна өнімге шақталса, екінші кезең 2025 жылға дейін аяқталса қуаты екі есеге артады. Алғашқы кезең бойынша үй-жайлардың құрылысы толық аяқталған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін кезек-кезегімен жүктеу басталды.
Сонымен бірге «Керемет сапа» ЖШС – климаттық қойма салуды қолға алып отыр. 1 мың шаршы метр аумақта 2 мың тонна көкөніс сақтауға болады. Жобаның құны – 500 млн теңге. Биыл құрылыс жұмыстары толық аяқталса 15 адам жұмысқа орналасады.
Өзге де кәсіпкерлер өз жобаларына жер телімін беруді, кейбірі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді сұрады. Шаһар басшысы әрбір жобаны толық зерделеп, мемлекеттік көмек көрсету үшін жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді. Сонымен бірге, ірі азық-түлік сауда желілері мен әлеуметтік дүкендер санын арттыруды да тапсырды.
Айта өтсек, Шымкентте 6 айда ауыл шаруашылығы саласында 17 млрд теңгенің өнімі өндірілді, салаға тартылған инвестицияның көлемі 1,1 млрд. теңгені құрады. Биылғы жылы 30 мың га егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде дәнді дақыл- 13 мың га, майлы дақыл-3,6 мың га, мал азықтық- 9,6 мың га, көкөніс пен бақша- 3,4 мың га, картоп – 0,4 мың га, жүгері -0,1 мың га. Нәтижесінде 90,1 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Қазіргі таңда 33,5 мың тонна өнім жиналған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...