БАЛАЛАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БАҚЫТТЫ ҚАЛАҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ

БАЛАЛАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БАҚЫТТЫ ҚАЛАҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ

Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы «Бақытты қалаға саяхат» байқауының кезекті жеңімпаздарын қарсы алды.
Маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында Туризм индустриясы комитетінің ұйымдастыруымен “Qazaqstan Live Fest” фестивалі өткен болатын. Халықаралық көрмеде «Бақытты қалаға саяхат» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталған.
Бұл жолғы байқаудың жеңімпаздары – 2003 және 2007 жылы туылған Қарағанды облысының тұрғындары.
Жасөспірімдер Шымкентке саяхатқа келіп, туристік орындармен танысуда. Атап айтсақ, балалар туризмін дамытуда ерекше нысан – хайуанаттар бағы, дендропарк және Цитадель және Орта Азиядағы ең үлкен аквасаябақ «FONTAN» су қалашығында болады. Сондай-ақ қаламыздың танымал ас мәзірінен де дәм татып, ерекше әсерге бөленді.
Осылайша жеңімпаздар екі күндік сапар барысында қаламыздың туристік әлеуетімен танысып, қаланың қонақжайлы келбетіне тәнті болып қайтты.
Үшінші мегаполис басшысы өз сөзінде қазіргі таңда әлемде орын алған пандемияға байланысты ішкі туристік өнімдерге сұраныс өскенін айтты. Ресми статистика бойынша, 2021 жылы еліміздегі ішкі туристер ағыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53%-ға артқанын сөзге тиек етті. “Visit Shymkent” туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен өткен “Бақытты қалаға саяхат” байқауында Ақтау тұрғыны ұтып, Шымкент қаласына 2 күндік тегін саяхат жасағанын да айтып өтті.
Айта кетерлігі, Шымкентке Әз Наурыз мерекесі қарсаңында алғаш рет келген ақтаулық тұрғын, қаладағы тарихи және мәдени нысандармен, сондай-ақ қала өмірімен танысып, “ДәмДәсTour” ресторандар жәрмеңкесі арқылы шаһардың гастрономиясымен де танысқан болатын.
Нұрлан Ноғаев та кездесу екі өңірдің арасында отандық туризм саласында өзара тиімді қарым-қатынастар географиясын кеңейтуге, туризм индустриясында шағын және орта бизнестің дамуына, туристік қоғамдастық арасында байланысты біріктіру мен нығайтуға оң ықпал ететіндігіне сенім білдірді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...