Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингі мәселелері бойынша кеңес өтті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингі мәселелері бойынша кеңес өтті.

Бүгін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингі мәселелері бойынша «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың төрағалығымен кеңес өтті.
Кеңеске Парламент Мәжілісінің депутаттары, өңірлік филиалдардың атқарушы хатшылары, партияның облыстық және қалалық мәслихаттардағы фракция басшылары, мәслихаттардың хатшылары, партия жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары қатысты.
-Жиын барысында Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі, Мәжіліс депутаты Қайнар Абасов Шымкент қаласынан қатысып, біршама ұсыныстар берді. Сондай-ақ, өңірлердегі ахуал бойынша филиалдардың атқарушы хатшыларына сөз беріліп, ұсыныстары тыңдалды.
-Нарықтағы тауар бағасының тұрақтылығын бақылау мақсатында «AMANAT» партиясы қазіргі уақытта барлық облыс және аудандарда 216 партиялық мониторинг және қадағалау тобын іске қосты. Жұмыс топтары супермаркет, базар, дүкендерді аралап, нарықтағы тауар бағасын бақылап, бағаның себепсіз өсуінің алдын алады. Мониторинг тобына БПҰ төрағалары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері мүше болып табылады.
Партияның Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың тапсырмасына сәйкес, өңірлік филиалдардағы мониторингтік топтар арнайы жұмыс алгоритмі бойынша апта сайын әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағаларын белгілеу міндеттелді. Жұмыс нәтижесі бойынша анықталған проблемаларды жою үшін ұсыныстар жасалып, нақты мерзімдер мен жауапты тұлғалар белгіленді. Ұсынымдардың орындалуын партиялық бақылау жіті қадағалайтын болады, деп хабарлайды «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...