БАЗАР БАҒАСЫН БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА

БАЗАР БАҒАСЫН БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанынан құрылған арнайы топ үшінші шаһардағы «Айна» базары және Ж.Шаяхметов көшесінде орналасқан «Magnum» сауда орнында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді. Көшбасшы партияның Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, орынбасары М.Қалмұратов, қалалық мәслихат депутаттары Б.Әшірбаев, С.Қуандық азық бағасын зерделеуге шықты. Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне 19 тауар кіреді. Оның 14-і бойынша тұрақтандыру қорына түрлі өнім сатып алынған. Олардың барлығы да жергілікті тауар өндірушілерден жеткізіледі. Оның ішінде қарақұмық, күріш, өсімдік майы, ұн, макарон өнімдері, қант және тағы да басқа тауарлар бар.
«Magnum»да азық-түлік бағасы арнайы белгіленген шектік бағада саудалануда, ал базардағы жағдай бөлек. Мәселен, «Айна» базарда әлеуметтік қордан алынатын бөлке нан (ақ нан -100, қара нан-90 теңгеден) сатылымда. Дәл осы нан үшін «Magnum» сауда орталығында – 80 теңге төлейсіз. «Ассоцация НАН» ЖШС атына хаттама толтырып, ескерту беріледі. Сонымен қатар, базарда қой еті – 2200-2400 теңге, сиыр еті – 2600-2700 теңгеден сатылуда. Көкөністің бағасына келсек, сәбіздің бір келісі – 200, картоп – 180, пияз – 150 теңгеден ұсынылған. Айта кететін бір мәселе дәл осы базардағы әлеуметтік маңызы бар саналатын азық-түлік нысандарында ешқандай белгі не жазу көрсетілмеген. Бұл жөнінде базар басшысы Ғазиз Исаевқа ескерту жасалды.
«Айна»дағы саудагерлер бағаның артуы тауар жеткізушілердің және арадағы делдалдардың тарапынан екенін айтып түсіндірді. Жеке кәсіпкер Ұлбике Балтабаева әлеуметтік қордан ұсынылатын қант тапшылығына наразылығын білдірді. Ал, «Magnum»да азық-түлік арнайы белгіленген бағада сатылғанымен аз мөлшерде екенін аңғару қиын емес. Төмен бағада ұсынылған сүт, жұмыртқа, макарон өнімдері, жоғары сұрыпты ұн мүлдем жоқ. Халық көп тұтынатын азықтың бағасын қадағалау мақсатында ұйымдастырылған рейдтің қорытындысы бойынша жауапты басқармалар мен базар, сауда әкімшілігіне ескертулер беріп, алдағы күндері бүгін анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...