«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының бас ғимаратында «Баланы мекепке даярлайық!» акциясы жалғасын тапты. Еңбекші ауданына қарасты 20 отбасының балаларына мектеп формасы, спорттық формағ аяқ-киім және сөмкелер табысталды.
Кезекті қайырымдылық акциясына қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Рәшкүл Оспаналиева демеушілік жасады. Аталмыш акция барысында партия мүшелері және мәслихат депутаттары қаламыздағы көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-саймандары, сөмке, мектеп формасы сияқты заттармен қамтамасыз етуде.
Айгүл Жұмаева тоғыз баланың анасы. Алты баласы мектеп жасында. Көпбалалы ана бүгінгі шараға қатысқанына, балаларына мектепке қажетті форма мен аяқ-киіммен қамтамасыз еткен демеуші Р.Оспаналиеваға, акцияны ұйымдастырушыларға дән ризашылығын білдірді. Биыл «AMANAT» партиясы Шымкент қаласы бойынша мыңнан аса баланы мектепке даярлау жоспарда бар.
Акция барысында Қаратау ауданына қарасты 30 отбасының баласына оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған сөмке сыйлады. Аталмыш акция бойынша парияластар және мәслихат депутаттары әр аудан бойынша өздеріне қарасты көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-саймандары, сөмке, мектеп формасы сияқты заттармен қамтамасыз етуде. Бұл акция айдың соңына дейін жалғасатын болады. Биыл Шымкент қаласы бойынша мыңнан аса баланы мектепке даярлау жоспарда бар.
Биыл Шымкент қаласында 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Шаһарда үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал орын тапшылығын 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған. Қаламызда жекеменшік мектептердің үлесі артып келеді. Ағымдағы жылы қолданысқа берілетін 24 мектептің 20-сы жеке инвестор есебінен.
Еліміздің барлық өңірінде «AMANAT» партиясының ұйымастыруымен дәстүрлі "Баланы мектепке даярлайық!" республикалық акциясы басталды. Аталмыш акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Акция шеңберінде балалар кеңсе керек-жарақтарымен және мектеп формасымен қамтылады. Үшінші мегаполисте те бұл акция қарқынды өтетін болады.
Қала тұрғыны зейнеткер Ерғали Құрмашевтың айтуынша, бүгін оның немересі де мектепке қажетті сөмкені сыйға алған. Ақсақалдың 11 немересі бар және олардың барлығы осы Абай Құнанбаев атындағы мектептің оқушылары екен.