Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

Алматы тұрғындары дәстүр бойынша қыркүйектің үшінші жексенбісінде Қала күнін атап өтті. Қаланың әртүрлі бөліктерінде мерекелік іс-шаралар басталды-концерттер, көрмелер, қойылымдар және басқалар. «Сүйем сені, Алматы!» ретро-фестивалінің ашылу салтанатында қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтарға құттықтау сөз сөйледі.

«Сіздерді Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл бәріміз үшін, әрбір алматылық үшін ерекше мереке! Мен осында туып өстім, менің ең жылы естеліктерім Алматымен байланысты. Мұнда мен отбасын құрдым, балаларым өсіп келеді.

Бізде Алматыны дамыту бойынша үлкен мақсаттар мен міндеттер бар. Бәріміз бірге қаламызды одан одан да жақсырақ және әдемі етуіміз керек. Біздің негізгі мақсатымыз – жайлы қалалық орта құру және мегаполистің барлық аудандарында тұрғындардың табысын арттыру. Мен Алматының барлық тұрғындарына шын жүректен махаббат пен зор денсаулық тілеймін! Біздің Алматы өсіп, гүлдене берсін!», –  деді Ерболат Досаев.

Құттықтау сөзінен кейін мегаполис басшысы Алматының дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосқан 10 тұрғынды «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Олардың қатарына Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих мұғалімі, қоғам қайраткерлері, әртістер және т.б. кірді. Құрметті атақтан басқа, марапатталғандар 1 млн. теңгеге ақшалай сертификаттар алды.

Іс-шараның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін қала әкімі «Сүйем Сен, Алматы!» атты қаланың 1940  жылдан  күні бүгінге дейінгі  Алматының  мәдени тарихи дістүрлеріне аоналған  фестивальде болды. Қала тұрғындары мен қонақтары әр онжылдықтың атмосферасына музыка, поэзия және декорация арқылы кірді. Әртістер Шәмші Қалдаяқовтың композициясын, Дос-Мұқасан әндерін орындап, театрлық қойылымдар қойды.

Қала күнінің басты оқиғасы Тұңғыш Президент саябағында өткен «Алма Fest» дәстүрлі фестивалі болды. Ұйымдастырушылар алма жәрмеңкесін, үлкен концерт және түрлі белсенділік көрсетті. Фестивальдің басты алаңында 100 тонна жергілікті алма ұсынылды.

Қала күні Almaty Arena-да танымал отандық жұлдыздар мен A'Studio тобының қатысуымен өтетін «Сәлем, Алматы» атты үлкен концертпен аяқталады.

Еске салсақ, Қала күніне орайластырылған негізгі мерекелік іс-шаралар 16 қыркүйекте басталды. Концерттік бағдарламалар Алматының барлық аудандарында және мегаполистің басты алаңдарында өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания...