Мәслихаттың ағымдағы жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау жөніндегі XXVII сессиясы өтті.
Бюджетке өзгерістер қаланың әлеуметтік басымдықтарын іске асыруға бағытталған.
Наурызбай ауданында инновациялық шығармашылық орталығының құрылысын жалғастыру;
Қала әкімі тарапынан пилоттық жобаны іске асыру аясында оқушылар үшін мектеп автобустарын сатып алуға бастамашылық жасалынды;
Жергілікті бюджеттен нормативтік оқу жүктемесінің 18 сағаттан 16 сағатқа өзгеруіне байланысты орта білім беру ұйымдарында мұғалімдерге еңбекақы төлеуге қаражат қарастырылған;
Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің құрылысы жалғасуда;
Азаматтардың жеңілдетілген санаттарына қоғамдық көлікте тасымалдау үшін өтемақыларды қаржыландыру жалғастырылады;
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеке көмекшілердің қызметтеріне, зейнеткерлерді санаторлық – курорттық емдеу бойынша жеңілдіктерге, жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыруға қаражат көзделген;
Мемлекет Басшысының тапсырмасы аясында балалар спорты мен шығармашылық саласын қаржыландыру жалғастырылды.
Сонымен қатар, қала аудандарында инженерлік желілерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар жобалар қарастырылған.
Колхозшы, Әлмерек ш.а. электрмен жабдықтау бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
Бұдан басқа, қалада «Алматы қаласының жол трафигінің қауіпсіздігі мен талдауының зияткерлік жүйесі» («Сергек») МЖӘ жобасы бойынша негізгі мемлекеттік әріптесті Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасынан Алматы қаласы цифрландыру басқармасына ауыстыру жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, сессия барысында «AMANAT» партиясының депутаты А.Білісбековтің өкілеттігін жеке өтініші негізінде тоқтату туралы шешім қабылданды.
А.Білісбеков «AMANAT» партиясынан сайланғандықтан, оның орнына партияның қалалық филиалы Бюросының шешімімен PhD докторы, Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттық Академиясының академигі және «SAVENERGY» ЖШС бас директоры Руслан Нұрлыбаев Мәслихат депутаты болып сайланды.