Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру мәселесі жайында айтты

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру мәселесі жайында айтты

Алдағы қыста жеке тұрғын үйлер газбен жылытылады, деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

«Бірқатар елдімекендегі кварталішілік газбен жабдықтау желілері құрылысының барысын тексеріп, тұрғындармен кездестім. Железнодорожный елдімекенінде газбен жабдықтау тарату желілерінің 100%, Промышленный- 80%, Көктал 1 - 70%, Көктал 2-де екі көшеде өткізу қалды. Бұл жұмыстар Агрогородок, Юго-Восток елді-мекендерінде де жүргізіліп жатыр»  деп жазды қала басшысы.

Алтай Сейдірұлының айтуынша, газ желілерін үйлерге жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Көктал-1/2, Железнодорожный, Промышленный, Агрогородок тұрғындары үшін (Тілендиев даңғылы – Көктал – т/ж жолы – Бөкеев көшесі шекарасында) үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін техникалық шарттарды берудің тегін рәсімі басталды. Ол үшін болашақ 4/2 және Ж.Жабаев 12/2 көшесінде фронт-кеңселер ашылды. Сондай-ақ, ол бұл елдімекендер, оның ішінде Агрогородок пен Юго-Востоктың тұрғындарының қосып алуына мүмкіндік бар екенін, тұрғындар үшін тегін есептегіштер қарастырылғанын айтты. 

«Елорданы газдандырудың өзі үш кезеңнен тұрады. ЖЭО-1/2 күзде газға ауыстырылады. Кездесу барысында Көктал-2 және Агрогородок тұрғындары жарықтандыру, аялдама орнату, қосымша автобус бағытын іске қосу, жол құрылысы және т.б. мәселелерді көтерді» деп жазды А. Көлгінов. 

Фото А. Көлгіновтің Инстаграм парақшасынан алынды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...