Үш шағын ауданда су құбырының құрылысы жоспарланған

Үш шағын ауданда су құбырының құрылысы жоспарланған

Медеу ауданында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету әкімдік жұмысының басты бағытының бірі болып қала береді. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.
Думан шағын ауданында биыл сорғы станциясы мен көлемі 1800 текше метр болатын 2 резервуар қайта жаңғыртылады.
Қараша айында Юбилейный шағын ауданында 1,2 км кәріз желілерін қайта жаңғырту және Горная, Батурин және Бегалин көшелері бойынша 1,4 км су құбыры желісінің жұмыстары аяқталады. Бұл жұмыстар Коккинаки, Луганский және Елебеков көшелерінде жалғасып, 2023 жылдың II тоқсанында аяқталады.
Кеңсай шағын ауданында су құбыры және кәріз желілерін салу жобасы бойынша байқау өткізіліп, мердігер анықталды.
Каменск үстірті шағын ауданында зерттеуден кейін су құбыры мен кәріз желілерін салу бойынша түзетуге жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл құрылыс материалдарының қымбаттауына және таулы жерлердің күрделі рельефіне байланысты.
Биыл жыл соңына дейін Сұлусай шағын ауданындағы сумен жабдықтауға және 2 ұңғыма бұрғылауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Осы үш шағын ауданда құрылыс келесі жылдың көктемінде басталады.
Мұзтау және Көлсай шағын аудандарында су көзімен қамтамасыз ету үшін «Балқаш» су қабылдау станциясында кеңейту жобасы әзірленуде. Ұзындығы 3,8 км болатын магистральды су құбыры желісінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, құрылыс 2023 жылдың II тоқсанына жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания...