Алматының Алатау ауданында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қалай жүріп жатыр

Алматының Алатау ауданында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қалай жүріп жатыр

Ауданындағы 53 көшеде ұзындығы 42 км жолды орташа жөндеу жүріп жатыр.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуінде аудандағы жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтып берді.
Қала әкімінің айтуынша, осы жылдың басынан бастап ауданындағы 53 көшеде ұзындығы 42 км жолды орташа жөндеу жүріп жатыр.
«Бүгінде Рысқұлов (1,7 км), Райымбек (4,6 км) даңғылдары, Жаңа Саин (4,5), Өтемісұлы (3,9 км) көшелерінде, сондай-ақ Дархан (5,4 км), Саялы (1,7 км), Ұлжан (2,3 км), Өжет (1,1 км), Көк-Қайнар (1,9 км) шағынаудандарында жұмыстар аяқталды. Осы жылдың 15 қарашасына дейін Алғабас (2,2 км) және Ақбұлақ (14,7 км) шағынаудандары бойынша жолды орташа жөндеу жұмыстары аяқталады«, - деп мәлімдеді Досаев.
Сондай-ақ әкім индустриялық аймақтағы және Көк Қайнар, Әйгерім-1, 2, Саялы, Самғау, Зерделі шағынаудандарында 35 көшені ағымдағы жөндеу аяқталғанын айтып өтті.
«Сонымен бірге, Алғабас шағынауданында өткен жылдан бері 32 км жаңа жол салынып жатыр. Жұмыстарды 2023 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Келесі жылдың III-тоқсанында Шаңырақ-1 (8,5 км) және Шапағат (4,8 км) шағынаудандарында сумен жабдықтау және канализация желісін төсеу аяқталғаннан кейін 13 км жаңа жол салу басталады. Жаңа тұрғын үй кешендерін салуға және тұрғындар санының артуына байланысты, сіздердің өтініштер бойынша Момышұлы көшесіне жаяу жүргіншілер өткелімен бірге 3 жаңа бағдаршам орнатылды. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, бағдаршамдар қосылды«, - деп толықтырды мегаполис басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада осы күндері ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, танымал клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп...

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қазақстандық колледждерді интернационалдандыру жүргізілуде. Бұл – ТжКБ жүйесін...