Қала әкімі тапсырмасы бойынша жаңа жылыту маусымы 17 қазанда басталды.
Тұтынушыларды жылумен жабдықтауға қосу мынадай кезек бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады:
- балабақшалар, емдеу орындары, мектептер, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;
- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
- басқа ғимараттар.
Көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету процесі басталды. Басқарушы компания, ПИК, ОСИ үйге кіре берістегі параметрлерді тексеріп, үй ішіндегі жылумен жабдықтау жүйесін барлық қажетті шаралармен қосуды жүзеге асыруы керек.
Жылыту маусымының ашылған күні метеорологиялық болжамдар мен Алматыдағы ауа райының күнделікті мониторингі негізінде анықталды.
Алматыда 17 қазанда жылыту маусымы басталды
