Бостандық ауданында келесі жылы 4,5 км жағалау қайта жаңартылады

Бостандық ауданында келесі жылы 4,5 км жағалау қайта жаңартылады

Есеп беру кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев атап өткендей, тұрғындардың негізгі мәселесінің бірі тұрғын үйлердің аулаларында апаттық ағаштарды және жасыл желектерді санитарлық кесу болып табылады.
Оның айтуынша, қалада апатты жағдайдағы 5 мың ағашты кесу жұмыстары басталды, оның 900-і Бостандық ауданында. Қазіргі уақытта ауданның 3 көшесіндегі 207 ағаш оталды, санитарлық мақсатта 4500 ағаш кесілді.
Сонымен қатар, Бостандық ауданында жаңбыр кезінде үнемі су басып 5 учаске бар. Төтенше жағдайлар желісі бойынша бұл мәселені тездетіп шешу үшін қыркүйек айында арық өткелдерін қалпына келтіру және арық желісін салу жұмыстары басталды.
2 арық өткелін реконструкциялау жұмыстары аяқталды (Жароков және Сәтбаев көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысы).
Қалған 3 учаскені жою жұмыстарын желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланған.
Қазан айының соңына дейін Әл-Фарабиден Абай даңғылына дейінгі ұзындығы 4,5 км болатын Үлкен Алматы жағалауын реконструкциялауға және абаттандыруға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент России Владимир Путин также подчеркнул, что между Россией и Казахстаном сохраняются особые союзнические отношения, cообщает No-comment.kz со...

“Кто я? Откуда? Где страна, где мне не скажут, что я чужой?” (Из фильма “Султан Бейбарс”, 1989) Обычно мы рассматриваем историю человечества или нации как факт, оставшийся где-то...

2030 жылға дейінгі республикалық аграрлық саясат аясында негізгі екі мақсат айқындалды: егіс алқаптарының 80%-ын отандық селекциядағы тұқымдармен...