ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ АҚ ОРАМАЛДЫ ДӘРІПТЕП ЖҮР

ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ АҚ ОРАМАЛДЫ ДӘРІПТЕП ЖҮР

Халқымызда ақ орамалдың орны ерекше. Осы орайда, өңірде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім” мекемесінің қолдауымен және Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің атсалысуымен "Ақ орамал" акциясы ұйымдастырылды.
Қазақ қоғамы үшін ақ жаулықты ананың рөлі қашанда жоғары. Айналаға аналық мейірім-шапағаттың нұрын сепкен, ұрпаққа тәлім мен тәрбие берген акцияның мәні де, маңызы да ерекше. ҚХА жанындағы Түркістан облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Төлебекқызы бастаған барша ақ жаулықты аналар Түркістан қаласының көпшілік орындарында әуелетіп ән салып, қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп күй шертті. Ардақты аналардың өнеріне жұртшылық тәнті болды.
Шара барысында болашақ ана болар бойжеткен қыздар өздерінің қос бұрымын өріп, ата-баба салтын көрсетіп, көпшілік ықыласына бөленді.
Игі шараны ұлт пен ұрпақ тәрбиесінің талбесігіне айналған Түркістан халқы жылы қабылдады. Аталған акцияға үлкен-кіші түгел қатысты. Ақ жаулықты әжелер "Ақ кимешекті кір шалмасын" деген ақ ниетпен кимешек киіп, әдемі кештің әрін келтірді.
Акция шеңберінде аналар қауымы көшедегі жүздескен аналарға ақ орамал сыйлап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Бұл бағыттағы Аналар кеңесінің игі шарасы алдағы уақытта да жалғасады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

15 мая, в День семьи, Шымкент подарил горожанам событие, которое может перерасти в добрую традицию. В живописном дендрарии им. Асанбая Аскарова...

Достық үйінде қаланы дамытуға арналған Бас жоспар жобасына түзетулер енгізу бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Қатысушылардың басты назарында...

В Карагандинском Доме дружбы состоялись общественные слушания по проекту корректировки Генерального плана развития города. Основное внимание...

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістанда өтіп жатқан «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи...