ТҮРКІСТАН МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МАЛЬТЕПЕ МУНИЦИПАЛИТЕТІ АРАСЫНДА "ДОСТАСТЫҚ" МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МАЛЬТЕПЕ МУНИЦИПАЛИТЕТІ АРАСЫНДА "ДОСТАСТЫҚ" МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Түркістан қаласы мен Түркияның Мальтепе муниципалитеті арасында "Достастық" меморандумына қол қойылды. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мен Мальтепе муниципалитетінің басшысы Али Кылыч екі шаһар арасындағы достастық келісімін қабылдап, қол алысты.
Түркістан қаласының әкімі: "Біз түбі бір бауырлас халықпыз, сенімді стратегиялық әріптеспіз. Түркі жұртының рухани астанасы – Түркістанымызбен достастығыңызды білдіріп келгеніңізге ризамын. Бүгінгі кездесуде жаңа жобалардың негізі қаланатынына сенімдімін" деп, ізгі ниетін білдірді.
Түркістан қаласына алғаш келгенін айтқан, Мальтепе мэрі Али Кылыч шаһардың көз тойдырарлық сұлуылығына таңданысын жасырмады.
– Түркістанның киелі топырағының қасиеті баршамызға мәлім. Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың ілімі дарыған шаһарда әлі талай бастамаларды бірге атқарамыз деп ойлаймын. Қасиетті Түркістан қаласымен келісім түзілетініне шын жүректен қуаныштымын, – деді ол.
Меморандум аясында мәдениет және білім, жергілікті басқару және демократия, туризм, экономика, қоршаған ортаны қорғау, спорт және қоғамдық денсаулық сақтау салалары бойынша өзара ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания...