ҚР ПРЕЗИДЕНТІНЕ КАНДИДАТ МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК СТАНЦИЯСЫНА БАРДЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНЕ КАНДИДАТ МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК СТАНЦИЯСЫНА БАРДЫ

ҚР Президентіне кандидат Мейрам Қажыкен Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясында болды.

Онда станция қызметкерлерімен кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы және ғылымдағы проблемалар сөз болды. Тараптар ауыл шаруашылығында жобаларды қаржыландырудың жеткіліксіздігі және зерттеу мен өндіріс әдістерін жетілдіру бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, кандидат Мейрам Қажыкен станция қызметкерлеріне өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Айта кетерлігі, станция ауыл шаруашылығы дақылдарының бірегей және репродуктивті тұқымдарын өндіреді, сондай-ақ асыл тұқымды мал өсірумен айналысады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов бельгиялық Sarens компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Людо Саренспен кездесу...

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің электр және жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған 75 ірі жобаны жүзеге асыру үшін 210 млрд теңге бөлу...