Қаратау ауданына қарасты Азат шағын ауданы тұрғындарының газ мәселесі шешімін тапты.
Қала әкімі М.Әйтеновпен бірге халық қалаулылары, “ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Шымкент филиалы директоры С.Исмайлов және халық қалаулылары, “Қоғамдық кеңес” төрағасы Б.Әлтеев пен жергілікті тұрғындар, сондай-ақ, БАҚ өкілдері бүгінгі қуаныштың куәсі болды.
Мұнда 8,9 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыс толық аяқталды. Нәтижесінде 519 абонент көгілдір отынмен қамтылмақ. Қазіргі уақытта "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Шымкент филиалы тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілуде.
Биыл қала бойынша 15 нысанда газбен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран 2 кезек, Сәуле елдімекендері және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылмақ.
Қала басшысы күн суытпай абоненттеу жұмысын аяқтауды тапсырды.
Биыл Қаратау ауданында 83,6 шақырымдық 89 көшеге орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. 40 шақырымды құрайтын 43 көшеге шағал тас төселеді. Бүгінде жұмыстардың 60 пайызы орындалды.
2025 жылға дейін 441,2 шқ құрайтын 466 көше асфальттанады. Нәтижесінде
2020 жылы сапалы жолдар көрсеткіші - 37,6 пайыз
2021 жылы – 41,7 пайыз
2022 жылы – 44,5 пайыз болады.
Бүгінде Қаратау ауданы бойынша Таскен, Тұран, Достық, Нұртас, Тассай шағын аудандарында 16 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Таскен тұрғын алабында 650 шаршы метр болатын 3 көшеге, Тұран шағын ауданы бойынша 3 көшеге, 8 550 шаршы метрді құрайды, Достық шағын ауданында 5 көшеге, яғни, 17 440 шаршы метрге, Нұртас шағын ауданы бойынша 3 көшеге, ол 750 шаршы метр, Тассай тұрғын алабына 3 көшеге, яғни 2650 шаршы метрге шағал тас төселеді.