ШЫМКЕНТТЕ ЕҢ БИІК ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

ШЫМКЕНТТЕ ЕҢ БИІК ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

“Capital City” - 12-25 қабат, 20 блоктан тұратын үшінші мегаполистегі ең биің тұрғын үй кешені болмақ. Жалпы ауданы 5 га, “Шымкент сити”-ден бой көтеруде. Құрылыс барысы қарқынды.
Жаңа тұрғын үй кешенін көруге арнайы барған қала әкімі М.Әйтенов мердігер мекемеге нысанның құрылысы барысында туындаған мәселелердің шешімінде жан жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.
Кешен жеке инвестор «Capital Invest Construction» ЖШС есебінен жүзеге асырылуда. 120 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген.
Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 1, 2, 3 блоктардағы 4, 5 қабаттың және 6 блоктағы 10 қабаттың қабырғаларын салу аяқталды. Енді инженерлік желілер тартылып, бөлме аралық қабырғалары қаланады. 1,5 га алаң абаттандырылады.
Сонымен қатар, жалпы биыл тұрғын үй кезегіндегі 748 отбасыны сатып алу құқығынсыз әлеуметтік баспанамен қамту жоспарланған болса, оның ішінде ағымдағы жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша - 31, көпбалалы отбасылар – 86, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы бойынша – 95 отбасыға пәтер кілті табысталды. Қалған пәтерлер алдағы уақытта жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылатын болады. Бұдан бөлек биыл «Жастар» бағдарламасы бойынша 857 азамат сатып алу құқығынсыз пәтермен қамтылады.
Айта кету керек, қазіргі таңда тұрғын үй кезегі арқылы азаматтарға арендалық баспаналар сатып алу құқығынсыз берілуде.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының ӘІО Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан №1 және №4 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. 2020 жылдың аяғында басталған құрылыс жұмыстары қыс мезгіліне дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Әрбір үйдің аумағы 3 518,43 шаршы метр, 1,2,3 бөлмелі 54 пәтерден тұрады.
№1 үйдің бүгінде темірбетон бұйымдар-100%, ішкі әрлеу-95%, инженерлік жүйе (су, жылу, электр, кәріз, газ)-95%, лифт-99%, дәліз периласы-90%, балкон есіктері мен терезелері-80%, қасбет-90% жұмыстары аяқталған.
Ал, №4 үйдің темірбетон бұйымдар-90%, ішкі әрлеу-85%, линолеум-70%, обой-75%, кафель-75%, инженерлік жүйе -85%, лифт-90%, дәліз периласы-5%, балкон есіктері мен терезелері-60%, қасбет-80% жұмыстар жалғасуда.
Шымкент қаласының Әкімшілік іскерлік орталығында 9 қабатты 8 тұрғын үй салынуда. Бүгінде оның төртеуі пайдалануға берілді, қалған төрт үйде құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. 432 пәтердің жалпы аумағы 23 820 шаршы метрді құрайды.
Бүгінде тұрғын үйлердің инженерлік желілері 75 пайыз, лифт – 10 пайыз, ішкі әрлеу 95 пайызға, сыртқы әрлеуі 90 пайыз жұмыстары аяқталған.
Құрылыс жұмыстарының барысын қадағалаған қала әкімі құрылысты осы айдан кешіктірмей аяқтауды және абаттандыру жұмыстарында орын алған олқылықтарды реттеуге тапсырма берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания...