ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ШЫМКЕНТТЕ

ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ШЫМКЕНТТЕ

Шымкент қаласының жедел-жәрдем станциясы елімізде үздік атанды.
Медициналық ұйым өкілдері жедел медициналық жәрдем қызметінің республикалық спартакиадасында біліктіліктерін дәлелдеп, бірінші орынға ие болды.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының Жедел медициналық көмек қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жедел медициналық жәрдем қызметі бригадаларының спартакиадасы екі күнге созылды. Оған барлық өңірден 18 команда команда қатысып, біліктіліктерімен сынасты.
Командалар манекендер мен стандартталған пациенттерді пайдалана отырып, шынайы жағдайға барынша жақын клиникалық станциялардан өтіп, жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге көмек көрсетуде, босануды қабылдауда, суға батқан кезде зардап шегушіні құтқаруда, балалар реанимациясын жүргізуде және жіті коронарлық синдромы бар ер адамды қиын жағдайдан шығаруда өз шеберліктерін көрсетті.
Бүкіл кезеңдер медицина саласындағы танымал мамандардан тұратын құзыретті қазылар алқасының жіті назарында және бағалауында болды.
Спартакиада қорытындысы бойынша 159,5 балл жинаған Шымкент қаласының командасы үздік бригада болып танылды.
Екінші орынды елордалық – Астана қаласының командасы (159 балл) иеленді. Жүлделі үшінші орынды – 143 балл жинаған Абай облысының қомандасы қанжығасына байлады.
Айта кететін, Шымкентте «Қала күні» мерекесі мен медицина қызметкерлері күніне орай, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен медициналық жедел жәрдем стансасында орталықтандырылған симуляциялық орталық ашылды.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Қаламызда көп төтенше жағдай болады. Мына төтенше жағдай қызметкерлері мен полиция қызметкерлері де осы жерден әлбетте талап міндет ретінде осы жерден оқытудан өткізуге талап қоямыз».
Қазақстанда теңдесі жоқ орталықта 100-ден аса муляж бар. Дәрігерлердің айтуынша, заман талабына сай автоматтандырылған құрылғылардың қыр-сырын үйрету арқылы өлім-жітім санын едәуір азайтуға болады.
Орталықта оқыту-үйрету жұмыстарына жауаптылар 2022 жылғы 12 мамыр мен 5 маусым аралығында АҚШ-тың кардиологиялық қауымдастығында тәжірибе жинақтап келген. Айта кетейiк, бүгінде халықаралық стандарттар бойынша шұғыл көмек көрсету әдістерiн жетiк меңгерген 3 нұсқаушы жергілікті мамандарға практикалық дәрістер өткізуге дайын, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания...