Ағымдағы жылдың 28-29 шілде аралығында 29 жасқа дейінгі жұмысшы жастар бағдарламасы бойынша қабылданған 1631 өтінімдер қазіргі таңда қаралуда. Қаралым нәтижесі 30 қыркүйекте айқындалады. Азаматтар өтінім нәтижесін өздерінің жеке кабинетінен көре алады.
Аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген иелігінде соңғы екі жылда тұрғын үйі бар немесе болған, декретте отырған яғни табыс көзі жоқ, соңғы екі жыл тұрақты тіркеуі болмаған, жиырма тоғыз жасқа толып қойған, табысы 40 аек төмен , шындыққа сай емес мәліметтер көрсеткен азаматтардың өтінімдері қарауға алынудан бірден бас тартылатынын естеріңізге саламыз.
Айта кету керек, бұл бағдарлама бойынша 2020 жылы – 904 азамат, 2021 жылы – 300 азамат пәтермен қамтылған болатын. Биыл жастар бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 857 азаматқа арендалық тұрғын үйдің пәтер кілті табысталатын болады.
Жастар жылының салтанатты ашылуында жас қазақстандықтарға қолжетімді бағалармен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жалдамалы тұрғын үй құрылысын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл баспананы берудегі басты мақсат — жұмыс істейтін жастарға жеке баспана алуға қаражат үнемдеуге мүмкіндік бере отарып, жұмыс істейтін жастарды қолдау болып табылады. Аталған бағдарлама негізінде Шымкент қаласы бойынша 2019 жылдың желтоқсан айында құжаттар қабылдау басталып 2020 жылы сатып алу құқығынсыз жастарға 904 пәтер қолдансқа табысталса, 2021 жылы 300 пәтер берілген. Жастар бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерді жастар 5 жылға дейін жалдап тұра алады.
Бұдан бөлек, «5-20-25» кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша биыл 1524 азаматты несиелік тұрғынжаймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Аталған тұрғын үйлердің конкурсы кезең-кезеңімен «Отбасы банк» арқылы жүргізілуде. Жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысушылар үшін әлеуметтік көмек ретінде Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.