ШАҺАР БАСШЫСЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ШАҺАР БАСШЫСЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Халықаралық қарттар күніне орай, аға ұрпаққа құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. Жылдағы дәстүрге сай “Миллионер” мейрамханасында қарттарға дастархан жайып, өмір жолдары мен ел үшін жасаған еңбектерін ұлықтады.
Арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылып, ән-күйден шашу шашылды. Қала әкімінің сыйлықтары табысталды.
Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар ардагерлер қауымы марапатталды.
Шаһар басшысы М.Әйтенов атаулы мерекеде ел үшін еткен еселі еңбектерінің арқасында аймағымыздың айтулы тұлғаларына айналған Исмат Тұрсынқұлұлына, Өстемір Тілегенұлына, Алданазар Құрманбаевқа, Әбілқасым Досболовқа, Досыбай Шерімқұловқа “Құрметті ардагер”, Болатхан Ермекбаевқа “Құрметті құрылысшы” атағын, ал Ұлықпан Башенов, Асылбек Тоқмағанбетов, Бастарбек Байжановқа “Құрмет белгісі” төсбелгілерін табыстады.
“Өңіріміздің өрістеп, көшіміздің өрге басып, өркен жаю жолындағы әрқайсыларыңыздың ерен еңбектеріңіздің арқасында, ал бүгінгі жарқын жетістіктеріміз сіздердің тыным таппай атқарған жұмыстарыңыздың жемісі деп білемін.
«Ауылыңда ақсақалды қария болса – жазулы тұрған хатпен тең», – деген бабалар даналығын өмір тіршілігіне биік мұрат еткен халқымыздың бүгінгі ұрпағы қай кезеңде де үлкенді ұлық тұтып, кішіге ұлағат қалдырған.
Сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Табанды еңбектеріңізге алғыс білдіре отырып, өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңізге бас иеміз”,-деді қала әкімі М.Әйтенов.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 84 844 зейнеткер, соның ішінде 5 ҰОС ардагер, 2390 тыл еңбеккерлері бар.
Айта кетсек, Шымкентте зейнеткерлерді сауықтыруға арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығының тағы бір бөлімшесі ашылды. “Халықаралық қарттар күніне” орай ашылған нысанның ресми салтанатына шаһар басшысы М.Әйтенов қатысып, ардагерлерді мерекемен құттықтады.
Қала әкімі құттықтау сөзінде жылы лебізімен қатар, қарттарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлық пен көмектің көлемі жыл сайын артып отырғанын және бұл бағыттағы жұмыстар Президент саясатындағы басым рөл атқаратын бағыттарының бірі екенін жеткізді.
Жаңадан ашылған бөлімше Қаратау ауданы, Жібек жолы көшесі, 22/1 учаскесінде орналасқан. Жартылай стационарлық жағдайда екі ауысым бойынша 140 азаматқа дейін қызмет көрсетіледі. Ардагерлер мұнда дәрігерлік тексеруден өтіп қана қоймай, ART терапия, әсемдік жасару терапиясы, караоке зал (ән айту), хореография, йога, еңбек терапиясы, инемен емдеу терапиясы, емдік денешынықтыру сияқты сауықтыру шараларынан өтеді. Сонымен қоса бос уақытты ұйымдастыруға арналған бильярд,теннис, садақ ату, бассейн, массаж, тренажерлық қызмет түрлері де қарастырылған. Жалғызілікті жандарға арналған 8 сағаттық жартылай станционар да жұмыс істейді.
“Белсенді ұзақ өмір”орталығының бөлімшелері қаладағы 4 ауданның үшеуінде Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында ашылған. Абай ауданы бойынша тағы бір бөлімшенің лентасы келесі жылы қиылатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев тау шаңғысы туризмін дамыту мәселелері бойынша халықарылық Bartholet және ABEST компанияларының...

15 мая, в День семьи, Шымкент подарил горожанам событие, которое может перерасти в добрую традицию. В живописном дендрарии им. Асанбая Аскарова...