ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖАЛДАУ АҚЫСЫН СУБСИДИЯЛАУ БОЙЫНША 1400 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖАЛДАУ АҚЫСЫН СУБСИДИЯЛАУ БОЙЫНША 1400 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға жолданған 1400 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 221 азаматпен "Отбасы банк" арасында келісім шарт түзіліп, тұрғын үйдің жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төлемдер аударылды. Бұл бойынша тұрғын үй басқармасының және “Отбасы банк” өкілдері бірлесіп, Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесу өткізіліп, тұрғын үй субсидиясы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бағдарлама талаптарына сәйкес тұрғын үй кезегіне тіркелген 1 және 2 топтағы мүгедектері, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар субсидия алуға өтінішті otbasybank.kz платформасында бере алады.
Өтініш берушінің соңғы 6 айға отбасыдағы адам басына шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (1 КМ = 37 389 теңге). Өтініш беру үшін ЭЦҚ-сы болуы қажет.
Азаматтар субсидиялауға қатысты сұрақтары бойынша Шымкент қ., Бейбітшілік 3 мекен жайында орналасақан “Аманат” партиясының 1-ші қабатында “Отбасы банк” кеңесшілеріне жүгіне алады.
Отбасы мүшесінің санына байланысты максималды субсидияланатын сома мемлекет тарапынан бекітілген, ол 85678 теңгеден аспайды. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына кезекте тұрған 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар қатыса алады. Баспана ақысын субсидиялау үшін үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36 018 теңге 01.01.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс. Бүгінде өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн түрде қабылдануда. Сонымен қатар, субсидия алуға үміткердің банктік ағымдағы шоты болуы тиіс.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...