Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты жалпы жолдардың ұзындығы 1 110 шақырымды құрайды. Оның 41,7% асфальтталған, 48,6% шағал тас төселсе, 9,7% топырақ жол.
Биыл 83,6 шақырымды құрайтын 89 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттанады. Аудан әкімі Р. Мулкеманов бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің халықпен есепті кездесуіндегі баянатта осылай деп мәлімдеді.
“Жыл басынан бері 40 шақырымды құрайтын 43 көшеге шағал тас, 547,1 шақырым жолға асфальт жабыны төселді. Аудан көлемінде көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарға сәйкес жүзеге асырылып келеді. 2025 жылға дейін тағы 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге құрылыс жұмыстарын жүргізіп, асфальттау жоспарлануда”,-деді аудан әкімі.
Естеріңізге салайық, былтыр бұл аудан бойынша 56,8 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттанды. 29,2 шақырымды құрайтын 34 көшеге шағалтас төселді. Сонымен қатар 91 көше жарықтандырылған болатын.
2022 жылы жарықтандырылған көшелер саны 130-ға жетті. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
Аудан аумағында кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында былтыр “Мирас” және “Тұран” ішкі магистралы бойынша 2 жобаның жұмысы басталған.
Биыл бұл тізімге “Асар-2”, “Тассай”, “Достық” елдімекендері қосылып, аудан көлемінде жалпы 5 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аудан көлемінде кәрізбен қамту көрсеткіші 42,7 %-ды құрап отыр.
2023 жылы ішкі жүйелер бойынша “Тұран”, “Тассай”, “Асар-2”, “Нұртас”, “Достық”, “Ақжайық” елдімекендерінде 6 жобаның құрылысын аяқтап, кәріз жүйесімен қамту көлемін 57,9 %-ға дейін жоғарылату жоспарлануда.
2022 жылы 39 көше жарықтандырылады.
1 - ші жартыжылдықта Қаратау ауданы тұрғындарымен 63 кездесу өтіп, онда 328 мәселе көтерілген. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 139 мәселе шешілген, 189 орындалуда. Оның ішінде 71 мәселе алдағы екі жыл көлемінде шешімін табады. Шешімін тапқан әрбір мәселе «қоғамдық бақылау» кеңесімен расталып отырды.
266 мыңнан аса халқы бар ауданда шешілмеген түйткілді мәселелердің әлі де көп екеніне тоқталған М.Әйтенов, жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.
Бүгінде Қаратау ауданы бойынша Таскен, Тұран, Достық, Нұртас, Тассай шағын аудандарында 16 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Таскен тұрғын алабында 650 шаршы метр болатын 3 көшеге, Тұран шағын ауданы бойынша 3 көшеге, 8 550 шаршы метрді құрайды, Достық шағын ауданында 5 көшеге, яғни, 17 440 шаршы метрге, Нұртас шағын ауданы бойынша 3 көшеге, ол 750 шаршы метр, Тассай тұрғын алабына 3 көшеге, яғни 2650 шаршы метрге шағал тас төселеді.
Жалпы Қаратау ауданы бойынша 21 шақырымға шағал тас төсеу жоспарлануда.
Алдағы уақытта Қайнарбулақ саяжайы бойынша 10 көшеге, Бозарық саяжайы бойынша 2 көшеге, Асар-2 шағын ауданы бойынша 2 көшеге, Қайнарбұлақ тұрғын алабына 5 көшеге, Сайрам тұрғын алабындағы 8 көше мен Исфиджаб тұрғын алабындағы 9 көшеге шағал тас төселеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 89 КӨШЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
