Шымкенттегі Қаратау ауданында тұратын халық саны 266,7 мыңнан асты.
24 елді мекеннің 17-сі сапалы электр энергиясымен қамтылған, қалған 7 мекенжайдағы мәселе 2023 жылдың соңына дейін толық шешіліп, сапалы электр энергиясымен қамту 100%-ға орындалады. Осы және бұдан да басқа шешімін тапқан өзекті мәселелердің бірпарасын аудан әкімі Рахымберді Мулкеманов шаһар басшысы М. Әйтеновтің аудан тұрғындарымен кезекті есепті кездесуінде айтты.
“Биылғы жылдың соңына дейін «Достық», «Қайнарбұлақ», «Асар-2», «Тассай», «Тұран», «Нұртас» елдімекендеріндегі құрылыс жұмыстары аяқталады. Ал 2023 жылға қарай “Бозарық”, “Қайнарбұлақ” және “Асар-2” (2-кезең) тұрғын алаптарында құрылыс басталады”,-деді Р.Мулкеманов.
Жалпы аудан аумағында орталық кәріз жүйесімен қамтылған елді мекендер саны – 5. Ауыз сумен қамтамасыз етілген елді мекендер саны – 20. Табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны- 18. Су алу қаупі бар орындарға және 378 көшеге ирригациялық арық орнатылған. Алдағы уақытта аудандағы мәселер толық шешімін табады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда жалпы ұзындығы 42,2 шақырымға электр желілері тартылуда, аяқталу мерзімі - қазан айының соңына жоспарланған.
Шаһар басшысы ауыл ақсақалдары мен қоғам белсенділеріне құрылыс жұмысымен қатар абоненттеу жұмыстарының жүргізілуіне жергілікті тұрғындарды жұмылдыру керектігін айтып өтті.
- Абоненттеу, ескі жүйені жаңа жүйеге қосуға да уақыт кетеді. Сондықтан құжаттарды қазірден бастап дайындауға кірісіңіздер. Ал жұмыстың мерзімінде және сапалы орындалуы біздің бақылауымызда,-деді әкім.
Бұдан бөлек биыл 2 көше, атап айтқанда 1,5 шақырымды құрайтын Жұманов және Айдарқұл көшелеріне жарық орнатылуда. Әзірге жұмыстың 20%-ы орындалды.
Сонымен қатар, құрылыс толығымен аяқталып, жекеменшік желіден электр қуатын тұтынып келген тұрғындар мәселесі шешімін тапты. Енді олар 1 кВт электр энергиясы үшін бұрынғыдай 28 тг емес, 16-17 тг төлейтін болады.
Мұнда 918 электр бағанасы орнатылып, 72 шақырым электр желісі тартылды. Нәтижесінде 1300-ден астам абоненттің мемлекеттік жарықты қолдануына мүмкіндік туды.
Шымкент қаласын электр қуатымен қамту көрсеткішін биыл 98 пайызға жеткізу жоспарға қойылған. Бұл мақсатта 5 елдімекен – Жаңаталап, Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле шағын ауданында және Бозарықта 1 қосалқы станция, «Ақжар» 110 кВ қосалқы станцияларында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Ал, Ынтымақтағы қосалқы станция, Нұрсат, Қайнарбұлақ, Батыс, Солтүстік саяжай шағын аудандарында құрылыс жүруде, келер жылы аяқталады. Нәтижесінде 2023 жылы қаланың электр қуатымен қамтылу деңгейі 100 пайыздық көрсеткішке жетеді.
Алғашқы жарты жылдықтағы жұмыстар нәтижесінде - Ақжардағы қосалқы станциясы жұмысы 97 %, Сәуле 97 %, Cолтүстік саяжай 88 %, Достық 80 %, Жаңаталап 67 %, Тұран 2-3 64%, Батыс 56 %, Нұртас 50%, Қайнарбұлақ 45 %, Бозарық 45 %, Нұрсат 33% орындалған.
ҚАРАТАУ АУДАНЫ 2023 ЖЫЛЫ 100% САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
