ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабы аумағындағы “Казавтоматика” (өндірісітк коопертив) Горького көшесі, “Казавтомонтаж” (өндірістік кооператив) Мерецкого көшесі, “Механизатор” ӨК Малиновая-2 көшесі, “Шымкентмелиорация” ӨК Южводострой көшесі және “Цементник” ӨК Виноградная көшесі орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 2,6 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда, аталған көшелерге асфальт жабындысының бірінші қабатын төсеу жұмыстарын жүргізу барысында.
Айта кетейік, автомобиль жолдар саласы нақты 8 бағытта жұмыс атқарады. Олар: жол құрылысы, қайта құру, күрделі жөндеу, орташа жөндеу, жолдарды күтіп ұстау, шағал тас төсеу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аялдама орнату.
Сондай-ақ, Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ саяжайында 32 мың тұрғын қоныстанған. Аумағы 7200 гектарды құрайтын елдімекенде 7144 жеке тұрғын үй және 42 тұрғын үй кооперативі бар.
Ондағы балалар №83 жалпы орта мектепте білім алса, бірқатар бала Қайнарбұлақ тұрғын алапта орналасқан екі мектепке барады. Мектепке дейінгі білім беретін 4 балабақша бар. Бұдан бөлек халыққа №54 учаскелік полиция пункті, №10 мемлекеттік емхана қызмет етеді. Бұл туралы no-comment.kz ақпараттық порталы қала әкімдігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Саяжай электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Ауыз су толық берілген. Табиғи газбен қамтылмаған, газдандыру үшін жобалау жұмыстары жүргізіліп, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізіледі.
Мұндағы 222 көшенің 32-сі асфальтталған болса, 190-ы тас жол. 2021 жылы 24 шақырым топырақ жолға шағал тас төселді. Биыл Энергетик, Карданник, Пресс автомат, Дорожный, Восход, Металлург, Русские березки, Серегин, Толстой көшелері секілді 14 көшеге асфальт төселеді. 2023 жылы - 28 көше (9,2 км), 2024 жылы - 19 көше (14,9 км), 2025 жылы - 8 көше (34,9 км) асфальтталады.
Өткен жылы Степная көшесінде жарықтандыру бағаналары орнатылса, биыл аталған көшеге жарық қосылады. Сонымен бірге, Центральная көшесі жарықтандырылады. 2025 жылға дейін ққосымша 7 көше жарықтандырылмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қырғызстан, Бішкек қаласы Мемлекеттер басшылары Бішкек қаласындағы Қазақстан мен Қырғызстан достығы аллеясында орналасқан «Достықтың алтын көпірі» ескерткішінің...

Қырғызстан, Бішкек қаласы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық және одақтастық қатынастарды дамытуға қосқан...