Шымкентте “Отбасылық сот: Даму перспективалары мен проблемалары” атты дөңгелек стөл өтті. Оған Шымкент қаласының әкімдігі, қалалық сот төрағасы, қалалық алқа төрағасы, қалалық сотының судьясы, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың төрағасы, аудандық соттарының судьялары, «Право» қоғамдық қорының мүшелері, Әділет департаменті, Білім басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, «Бақытты жанұя»орталығы» КММ, жаттықтырушы-медиаторлар, кәсіби медиатор-тәжірибеші, адвокаттар және бала құқықтары жөніндегі уәкілдері қатысты.
Отбасы және екі азамат арасындағы түсініспеушіліктен туындаған дау-дамай бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осы тұста азаматтарды ортақ келісімге шақырып өзекті мәселелерін шешуіне көмек көрсететін медиаторлармен адвокат мамандарының рөлі орасан зор.
Дөңгелек стөл барысында қоғам арасындағы, отбасы арасындағы дау-дамай, келіспеушіліктердің алдын алу, бітімгершілік келісімге келу, екі араны татуластырып ортақ шешімге келуіне көмек көрсету секілді түрлі проблемалардың шешілу жолдары жан-жақты талқыланды.
Осы орайда Президент ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру шешімін қабылдағанын айтты. «Бұл 1,8 млн адамның кірісіне қатысты болады» деді Президент.
Ендігісі, сол саласына енгізілетін өзгерістер. Яғни Қасым-Жомарт Кемелұлы Жоғарғы сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн, деді. Жалпы, әділетті мемлекет болу үшін сот жүйесі мықты болу керек. Соттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьяның еркіндігі секілді проблемаларды көптен бері баспасөз беттерінде көтеріп келеміз. Кейде соттарға қысым сырттан емес, сот төрағаларының өзінен де болып жатады. Жаңа Жолдауда бұл мәселелер шешілетіні сөз болды, яғни судьялар сот төрағаларын өз іштерінен сайлайды. Қаншама уақыттан беру көтеріліп келе жатқан өзекті мәселеге Президент нүктесін қойды. Және тағы бір жүйедегі жаңалық, сот кеңесінің жұмысы күшетілетіні бұл салаға серпін берді.
ОТБАСЫЛЫҚ СОТ: ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ
