Бүгінгі сенбілік жұмыстары Қаратау ауданында да жалғасты. Сенбілікте “Мирас”шағын ауданында орналасқан “Шымсая” шатқалына Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 4000-ға жуық терек ағашының көшеттері отырғызылды.
Тазалық жұмыстарына коммуналдық мекемелер, ассамблея жастары және басқарма мамандарымен қоса, жалпы 300 адам қатысты. Қосымша 3 техника жұмылдырылды.
Әл-Фараби ауданында өткен сенбілікте Бәйдібек би-Төлеметов көшелерінің қиылысына 550 түп қара ағаш және айланд ағаш көшеттері отырғызылды.
Сенбілікке Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, қалалық «Жастар ресурстық орталығының» жастары, «Интерстрой НС», «Жасыл Ел» ЖШС жұмысшылары қатысып, қаланың жасылдануына 200-ге жуық адам атсалысты.
Еске салар болсақ, шаһар басшысының қала аумағындағы жасыл желек көлемін ұлғайту тапсырмасына орай, көшелерге, аулалар мен саябақтарға ағаш көшеттерін егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Атап айтқанда, Орталық, Абай, Тәуелсіздік саябақтарына және Чернобыль құрбандарын еске алу мен А.Асқаров атындағы дендрологиялық паркіне жалпы саны 250-дей туя, арша, жай жапырақты ағаш көшеттері отырғызылуда.
Алдағы уақытта қала аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарларға 4000 түп ағаш көшеттері егілетін болады.
Абай ауданы бойынша тазалық жұмыстары жүргізіліп, Шымкент-Ташкент тас жолының бойына 2,2 шақырымға биіктігі 150-170 см құрайтын 2 мыңнан аса терек көшеттері егілді.
Айтып өтейік, қазан айында Жаңа әуежай терминалына барар жолдың бойына 353 арша ағашы мен 82 қырым қарағайы және Нұршуақ шағын ауданындағы Әл-Фараби көшесіне 200 қарағай көшеттері егілген болатын.
Қазіргі уақытта тал егу жұмыстарымен қатар, көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы қоқыс алаңшаларының айналасы да қоқыстардан тазартылды. Бұл жұмыстарға "Build Stroi" ЖШС 7 жүк тиегіш (погрузчик) техникасы мен 12 жүк көлігін жұмылдырды.
Абай ауданында 258 аула мен 453 көп қабатты тұрғын үй орналасқан. Аталған үйлердің тұрғындарына арналып 112 қоқыс алаңшасымен 485 қоқыс контейнерлері бар.
Сонымен бірге сала жетекшісі өткен жылы аудан әкімдіктерімен 75,5 мың дана, жасыл белдеуге 200 мың дана, саябақтар мен гүлзарларға 10 мың дана ағаш көшеттері егілгенін, ал биылғы жылдың көктем айларында жалпы 21 455 ағаш көшеттері отырғызылғанын атап өтті.
Қала инфрақұрылымын дамыту мәселесін баяндаған энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков 2022 жылдың қорытындысымен 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып 11 мыңнан астам адам ауыз сумен, 2 магистралды кәріз коллекторының, 1 кәріз сорғы станциясы және 6 нысанның құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесіне қосылатынын жеткізді.