Еңбекшіде жалпы аудандық сенбілік өтті. Сенбілік 1- автожол бойында өткізіліп, сенбілікке Қаратөбе, Базарқақпа, Шаңырақ тұрғын алаптары аумағын қамтыды.
Тазалық жұмыстарына Жастар көшесінің тұрғындары және Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен "Жастар ресурстық орталығының" волонтерлары қатысып, 1785 дана ағаш көшеттерін отырғызды.
Сенбілікке жалпы саны 375 адам қатысып, 6 техника жұмылдырылды.
Әл-Фараби ауданында өткен сенбілікте Бәйдібек би-Төлеметов көшелерінің қиылысына 550 түп қара ағаш және айланд ағаш көшеттері отырғызылды.
Сенбілікке Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, қалалық «Жастар ресурстық орталығының» жастары, «Интерстрой НС», «Жасыл Ел» ЖШС жұмысшылары қатысып, қаланың жасылдануына 200-ге жуық адам атсалысты.
Еске салар болсақ, шаһар басшысының қала аумағындағы жасыл желек көлемін ұлғайту тапсырмасына орай, көшелерге, аулалар мен саябақтарға ағаш көшеттерін егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Атап айтқанда, Орталық, Абай, Тәуелсіздік саябақтарына және Чернобыль құрбандарын еске алу мен А.Асқаров атындағы дендрологиялық паркіне жалпы саны 250-дей туя, арша, жай жапырақты ағаш көшеттері отырғызылуда.
Алдағы уақытта қала аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарларға 4000 түп ағаш көшеттері егілетін болады.
Жалпықалалық тазалық күнінде Әл-Фараби ауданында сенбілік жұмыстары Қарасу шағын ауданы 67,69 көпқабатты үйлерінің ауласында өтті. Санитарлық тазалық кезінде балалар алаңшасы сұйық сабынмен жуылып, ойын элементтері сырланды.
Тұрғындарға қолайсыздық келтіретін қураған ағаш бұталары кесіліп, аулалар сыпырылды. Аудан аумағындағы қоқыс алаңшалары тазартылды.
Аталған жұмыстарға Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, 11 арнайы техника және 120-ға жуық жұмысшы жұмылдырылды.
Тазалық акциясына барлық мекемелер (әлеуметтік нысандар, коммерциялық нысандар мен мемлекеттік мекемелер, ЖОО) атсалысты.
Сенбілікте аудан аумағындағы саябақтар мен гүлзарлар, аула және көшелер, ирригациялық арықтар, қоқыс алаңшалары қоқыстан тазартылды. Аулалардың шөбі орылып, қураған ағаш бұталары кесілді.
Әл-Фараби ауданында өткен жалпылама сенбілікке 5000-ға жуық адам, 1 мыңнан астам жастар, 250 коммуналдық жұмысшы және 80 арнайы техника жұмылдырылды. Әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауданда жалпы 485 м3 қоқыс қала сыртына шығарылуда.
Сенбілікте қала аумағындағы саябақтар мен гүлзарлар, аула және көшелер, ирригациялық арықтар, контейнерлерде тазалық жұмыстары жүргізілді. Аулалардың шөбі орылып, қураған ағаш бұталары кесілді.
Тазалық шарасында мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен белсенді тұрғындар өз үлестерін қосты.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша тазалық күніне 20 мыңға жуық адам және 204 техника жұмылдырылған.
Осыған орай Шымкентте экологиялық акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты - жанашыр тұрғындармен бірлесе қала аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру.