Әл-Фараби ауданы аумағында таңғы 5-тен бастап басты және ішкі орамдық көшелерде қар күреу жұмыстары басталды. Тазалық жұмыстары мердігер мекеме “Жасыл ел” ЖШС-і тарапынан атқарылуда.
Ауданда көшелер мен аяқжолдарды механикалық тазалау жұмыстарына 37 арнайы техника жұмылдырылды. Атап айтқанда, Камаз – 6 дана , ГАЗ 53- 8 дана, Погрузчик – 1 дана, Камаз ПР – 20 дана, Трактор 82,1 – 3 дана, Трактор 320 – 1 дана, Камаз сельхоз – 3 дана, Газ-Саз – 2 дана, Газ 53 – 4 дана, Камаз ассенизатор – 1 дана, Камаз пылесос – 1 дана, Haide пылесос – 1 дана, Погрузчик – 1 дана, және жалпы саны 50-ден аса жұмысшы күші жұмылдырылды.
Қазіргі таңда аудан көлемінде тайғаққа қарсы себілетін инертті заттар қоры жеткілікті.
Еңбекші ауданы аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты орталық көшелерге инертті заттар себіліп, қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Тазалау жұмыстары мердігер мекеме "Жасыл Жер" ЖШС тарапынан жүзеге асуда..
Аудан көлемінде тазалық жұмыстарына жалпы саны 220 адам Камаз ПР-14 дана, Трактор 82- 3 дана, Мини трактор-1 дана, Камаз -1 дана, Газон -2 дана, Газ-53-6 дана, Камаз ассенизатор -1 дана, Погрузчик -1 дана, Камаз пылесос -1 дана жұмылдырылды.
Атқарылып жатқан жұмыстар толығымен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан толық бақылауда.
Сонымен қатар, қаламызда «Көк», «Сай ниже водопада» және «Чумчак» су арналарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстардың 80%-ы орындалып, жыл соңына дейін толықтай аяқталмақ.
Жалпы Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты 34 су арнасы және 2 өзен бар. Олардың ішінде биыл жөндеу жұмыстары басталған «Шымкент» және «Шапырашты» су арналарының күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылы бітеді.
Айта кететін жайт қазіргі таңда күз және қыс мезгілдерінде жауын-шашын мөлшерінің көптігіне байланысты су арналары мен өзендердің санитарлық тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Жауын-шашын мөлшерінің су арнасының деңгейінен асып кетпеуі үшін қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары мен жауапты мердігер мекеменің қатаң бақылауында.
Айта кететін, Шымкент қаласының аумағындағы өзендер мен каналдарды тазалау жұмыстары жалғасуда.
Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының тапсырмасымен мердігер мекеме қызметкерлері Республика даңғылы мен Алматы тас жолы арқылы өтетін “Қошқар-ата” мен Республика даңғылының бойындағы “Қарасу” өзенін қоқыстан тазартты.
Сонымен қоса 2 каналға Әлімбетов көшесіндегі “Жаңа шек” пен Бәйдібек би көшесінің бойымен өтетін “Чинат-1” каналдарына механикалық және санитарлық тазалау жүргізілді.